Azure виртуалды машиналарына бағдарламаларды қашықтан орнату

Барлығын жаю | Барлығын жию

Microsoft Azure виртуалды машиналарына бағдарламаларды орнату үшін сізде ағымдағы лицензия болуы керек.

Kaspersky Security Center келесі сценарийлерді қолдайды:

Бағдарламаны Azure виртуалды машиналарына қашықтан орнату тапсырмасын жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларТапсырмалар бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады.

  3. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз:
    1. Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырма түрін таңдаңыз.
    2. Орнату пакеттері бетінде Microsoft Azure API қашықтан орнатуы таңдаңыз.
    3. Құрылғыларға қатынасу үшін есептік жазбаларды таңдау кезінде бұрыннан бар Azure есептік жазбасын пайдаланыңыз немесе Қосу түймесін басып, Azure есептік жазбаңыздың тіркелгі деректерін енгізіңіз:
      • Azure есептік жазбасының атауы
      • Azure бағдарламасының идентификаторы
      • Azure бағдарлама құпиясөзі
    4. Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобындағы қажетті құрылғыларды таңдаңыз.

Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы тапсырмалар тізімінде пайда болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын Kaspersky Security Center Web Console көмегімен орналастыру

Басына оралу